Петропавл қаласының «Береке» шағын ауданында жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды. Қала үшін маңызды нысанға ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Алтынбек Әбдірахмановтың есімі берілді. Ол он жыл бұрын Жаңа жыл күні өртке оранған үйден тұрғындарды құтқару кезінде көз жұмған еді.

Петропавлдың «Береке» шағын ауданында жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды. Шаһар үшін маңызды нысанға Алтынбек Әбдірахмановтың аты берілген. Еске сала кетейік, марқұм өрт сөндіруші 10 жыл бұрын дәл Жаңа жыл күні қызыл жалынға оранған баспанадан тұрғындарды құтқару кезінде қаза тапты. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Салтанатты шара барысында өрт сөндірушілерге 10 арнайы техника мен 6 қызметтік пәтердің кілті табысталды. Баспана иелерін анықтау кезінде салада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жүрген мамандарға басымдық берілген. Көппәтерлі үй өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан.

Нысанның таспасын министр мен Алтынбек Әбдірахмановтың апасы Зүбәйда Әбдірахманова қиды. Ашылу салтанатынан кейін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен ведомство бастығы Шыңғыс Әрінов нысанда жасалған жағдаймен танысты. Өрт сөндіру бөлімі толықтай заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Мұнда заманауи байланыс және диспетчерлік жүйелер, өрт сөндіру техникасына арналған кең жеке бокстар қарастырылған. Сондай-ақ, жеке құрамның жұмысына қажетті демалыс бөлмелері мен тұрмыстық аймақтар, оқу сыныптары, спорт залы, жабдықтар мен арнайы киім сақтайтын бөлмелер бар.

СНХ: БОЛАТ ЖҰМАЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жоба құны 2 млрд теңгеге жуықтайды. Бөлімде өрт бақылау мұнарасы да бар. Бұл түтінді бірден көріп, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов соңғы жылы ведомство ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті.

СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

"Береке" шағын ауданы жыл сайын қарыштап дамып келеді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Сондықтан өрт сөндіру бөлімінің бұл төңірек үшін маңызы аса зор.