Креатив орталығында Солтүстік Қазақстан облысы «Ассамблея Жастары» өкілдігінің жыл қорытындысы слёті өтті. Іс-шара барысында жыл бойы белсенділік танытқан еріктілер сегіз номинация бойынша марапатталып, сондай-ақ ұйым төрағасы Тимур Жұмұрбаевтың алғыс хаттары табысталды.


Номинациялар қатарында «Жыл белсендісі», «Жастар үні», «Үздік ерікті» , «Қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін» және басқа да марапаттар бар. Игі шараны толықтай ұйымның өз жастары ұйымдастырды. Слётке «Ассамблея Жастары» белсенділері, Петропавл қаласындағы колледждердің өкілдері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Марапаттау рәсімінен бөлек, концерттік бағдарлама ұсынылып, сахнаға ұйымның жас өнерпаздары шықты.

СНХ: ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚО ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


«Ассамблея Жастары» ұйымы 2021 жылы Президент бастамасымен құрылған. Бүгінде құрамында мектеп оқушылары, студенттер және 35 жасқа дейінгі жас мамандар бар. 200-ге жуық жас бірігіп, мәдени-бұқаралық және креативті жобаларды жүзеге асырып келеді. Ұйым облыстағы ең белсенді жастар бірлестіктерінің бірі ретінде танылып отыр.

СНХ: АРУЖАН АЛПЫСБАЕВА, ВОЛОНТЕР:


Іс-шарада биыл жалпы 15 ең үздік, ең белсенді жас марапатталды.