Желтоқсан құрбандарын еске алу, рухтарына тағзым ету - қазақстандықтардың, өскелең ұрпақтың міндеті. Қалыптасқан дәстүрге сай бұл күні Петропавл тұрғындары мен қонақтары Тәуелсіздік стеласы маңына жиналады. Биыл бірсыпыра адамның басы қосылды.

Тәуелсіздік стеласына гүл шоқтарын қойып, құрбандарға тағзым ету үшін келген топты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастады. Артынша ел ағалары, зиялы қауым өкілдері, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, тұрғындар мен жастар беттеді. Әрбірі тарихи жайтты мұңая еске алды.

СНХ: СӘУЛЕ ЫСМАҒҰЛОВА, ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Арада ондаған жыл өтсе де Желтоқсан оқиғасын жерлесіміз Сәуле Ысмағұлова ұмытқан жоқ. Жиі есіне түседі, күрсінеді, қайғырады. Ол кезде Шал ақын ауданының тумасы Алматыда пошта қызметінде жұмыс істепті.

СНХ: СӘУЛЕ ЫСМАҒҰЛОВА, ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Өр рухты жастар бұған бекерден-бекер барған жоқ. Олар қазақ жерінде қазақтың үстемдік құрғанын, биліктің халықпен санасқанын қалады. Осылайша егемендікке қадам жасады. Алдыңғы толқын өкілдері бүгінгі ұрпақтың аға-әпкелері сынды отансүйгіш әрі білімді болғанын қалайды.