Өңірімізге жұмыс сапарымен Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев келді. Ол халықпен кездесу, азаматтарды жеке қабылдау, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Журналистер футбол клубтарын жекешелендіру, спорт инфрақұрылымына инвестиция тарту және бұқаралық спортты дамыту туралы сұрақтар көтерді.

Брифингтегі бірінші сұрақ футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты болды. Қазіргі күні жергілікті "Қызылжар" клубы бұл рәсімнен толықтай өткен. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев футбол клубтарын жекешелендірудегі көзделген мақсат бұл салаға жеке инвестициялар тартуға және футбол саласындағы бәсекелестікті дамытуға бағытталғандығын айтты. Сондай-ақ, елордалық мейман спорттық инфрақұрылымға инвестициялар тарту тетіктері жайында да мол мағлұмат берді.

СНХ: СЕРІК ЖАРАСБАЕВ-ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Сондай-ақ, брифингте спорт саласы үшін кадрлар даярлау, жастарды осы саладағы мамандықтарды таңдауға ынталандыру жайында сауалдар көтерілді. Вице-министр Серік Жарасбаев,- бұл бағыттағы жұмыстар бүгінгі таңа Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүргізіліп жатқандығын атап көрсетті.

СНХ: СЕРІК ЖАРАСБАЕВ – ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ 

Сонымен қатар, журналистер бұқаралық спортты дамыту, ваучерлік қаржыландыру, мен спорт саласы қызметкерлері еңбек жағдайлары мен әлеуметтік пакеттер мәселелерін қозғады.