Большая Малышка мен оған іргелес ауылдарда өрт шықса, тұрғындар қаладан арнайы техниканы күтуге мәжбүр болатын. Бұл уақыт жоғалтып, қауіп-қатерді күшейтетін. Енді ауылда өрт сөндіру пункті іске қосылып, тілсіз жауға жедел әрекет ету мүмкіндігі артты. Жаңа нысанның салтанатты ашылуы өтті.
«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылында өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті. Бұрын осындағы және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары қызыл жалын бас көтерген жағдайда қаладан қызметтік көлік күтті. Бұл бірсыпыра уақытты алды. Енді тілсіз жауды әлдеқайда жылдам ауыздықтауға болады. Игі бастама «Большемалышкинское» шаруа қожалығының аумағында іске асырылды. Ашылу салтанатына жауапты министрлікке қарасты өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев қатысты.
СНХ: ЕРЛАН ТӨРЕГЕЛДИЕВ, ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Төлеген Оспанов Большая Малышкада 20 жыл тұрады. Азамат осы уақыт ішінде талай өрт оқиғасының куәсі болған. Көп жағдайда тұрғындар жалынды өз күштерімен сөндіріп жүріпті. Енді иықтарынан ауыр жүк түсіп отыр.
СНХ: ТӨЛЕГЕН ОСПАНОВ, БОЛЬШАЯ МАЛЫШКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Салтанатты шарада пункт қызметкерлеріне мамандандырылған өрт сөндіру көліктерінің кілттері табыс етілді. Айтулы оқиғамен жиналған қауымды Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов құттықтады. Ол арнайы құралдармен жабдықталған бекет сенімді қауіпсіздік қалқаны екенін атап өтті.
СНХ: БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Өрт сөндіру бекеті Қызылжар ауданындағы 6 ауылға қызмет көрсетпек. Бұл елді мекендерде 1700-ге тарта адам тұрады.
СНХ: ВЛАДИМИР РУДЕР, БЕРЁЗОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Солтүстік Қазақстан облысында 336 елді мекендегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 71 өрт сөндіру пункті жұмыс істейді. Ендігі міндет - қалған 58 ауылды тізімге қосу.