Ветеринарлардың жалақысы өседі. Енді мал дәрігерлерінің айлық табысы 400 мың теңгеден асады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Үкімет сағатында айтты. Себебі қазір салада кадр тапшылығы сезіліп жатыр. (( БЕЙНЕҚОР)) Кей өңірлерде бір дәрігер 2 мыңнан астам малға қызмет көрсетуге мәжбүр. Бұл жағдайда сапалы диагностика мен профилактика туралы айтудың өзі қиын. Ғалымдардың дерегінше, жаңа инфекциялардың 70%-ы жануарлардан тарайды. Сондықтан бұл тек аграрлық саланы емес, адам денсаулығын, өңірлік тұрақтылықты және шекаралық қауіпсіздікті қорғау. Сол үшін салаға білікті ветеринарлар қажет,-дейді жауаптылар.


СНХ: АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН - ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ