Өткен жексенбіде Қызылжар ауданына қарасты Якорь ауылындағы құс фабрикасы аумағында конвейер таспасы тұтанды. Өрт тез таралып, ғимараттың шатырын шарпыды. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі – дәнекерлеу және термоөңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде пластикалық науалардың тұтануы.


СНХ: ЕВГЕНИЙ ЖУРАВЛЕВ, СҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ