2025 жылы облыста алимент төлеу мәселесі өзекті болып отыр. Өңірдегі жеке сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіруге қатысты 10 202 атқарушылық құжат тіркелген. Оның ішінде 300-ден астамы проблемалы санатқа жатады.
Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға төленбеген алимент қарызының жалпы сомасы 400 миллион теңгеден асады. Бүгінге дейін алимент төлеуден жалтарғаны үшін 207 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 12 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
СНХ: ҚАРЛЫҒАШ АБАЕВА – ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ