Тәуелсіздік күні мерекесінде Заречный кентінің тұрғындарына жаңа пәтердің кілті табысталды. Осылайша, «Жас Өркен» шағын ауданында 40 отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін тағы 50 баспанананы беру жоспарланған.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысты. Тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

СНХ: НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Пәтер кілтіне ие болып, қуанышқа бөленгендердің бірі - Алма Ысқақова. Заречный кентінде 70 жыл тұрған кейуананың үйін былтыр су басқан. Енді тұрғын мәселесіні оң шешімін тауып, жаңа баспанаға кіргендеріне дән риза.

СНХ: АЛМА ЫСҚАҚОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Пәтерлер «Жас өркен» шағын ауданында орналасқан. Құрылыс жұмыстарымен «Зерттеу СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысқан. Баспаналарға 2 жылға дейін кепілдік беріледі. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов және қала әкімі Серік Мұхамедиев жаңа тұрғын үйдің ішіне кіріп, азаматтарға жасалған жағдаймен танысып шықты.

СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл Заречный кентіне тұрғындарды көшірудің бірінші легі болды. Жыл соңына дейін тағы 50 пәтердің кілті табыс етілмек. Ал, келесі жылдың күзіне дейін толық көшіріледі деп жоспарланып отыр.