Айыртау ауданындағы Шалқар-Имантау курорттық аймағында екі бірдей құтқару станциясы пайдалануға берілді. Маңызды нысандарды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ашты.
Айыртау ауданы қалың орманы, таулы жерлері және туристік бағыттарымен танымал. Қазақстандағы ең көрікті өңірлердің бірі осы Шалқар-Имантау курортық аймағы. Сондықтан мұнда жергілікті тұрғындар мен қонақтардың демалуы, оның қауіпсіздігі үшін де барлық жағдай жасалып жатыр. Жаңа бөлімше төтенше жағдайлар кезінде жедел, тиімді және сенімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
Аумағы 3 мың гектардан асатын Шалқар көлінің жағалауында 20-дан астам туристік нысан орналасқан. Станцияның ашылуы аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Министр қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан аудан тұрғындары мен қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
СНХ: СЕЙІТЖАН ЕСМАҒЗАМ, АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Сонымен қатар Имантау көлінде де құтқару станциясы ашылды. Бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі көл, аумағы 5 мың гектарды құрайды. Мұнда шамамен 15 туристік нысан бар. Жаңа станцияның ашылуымен аудан тұрғындары мен қонақтарын облыс әкімінің орынбасары құттықтады.
СНХ: НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айыртау ауданында құтқару бөлімшесінің ашылуы тек аудан үшін ғана емес, елдегі азаматтық қорғау жүйесін дамыту жолындағы маңызды қадам.