Бүгінде техника қарыштап дамыған кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Көлік — күнделікті тіршілігіміздің ажырамас бөлшегіне айналды. Осы себепті автослесарь мамандығы әлі де сұранысын жоғалтқан емес. Осындай мамандардың бірі Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету станциясында еңбек етеді.


Темірден жасалған көлік сырт көзге жансыз көрінгенімен, оның әрбір бөлшегі үздіксіз күтімді талап етеді. Қозғалыстағы қауіпсіздік пен сенімділіктің артында күн сайын көзге көріне бермейтін мамандардың еңбегі жатыр. Техникалық қызмет көрсету станцияларында көлікті тірі ағзадай түсінетін білікті автослесарьлар жұмыс істейді. Солардың бірі — Артём Банин. Ол бұл салада, нақтырақ айтқанда техникалық қызмет көрсету станциясында, үш жылға жуық еңбек етіп келеді.

СНХ: АРТЕМ БАНИН - АВТОСЛЕСАРЬ

Бұл техникалық қызмет көрсету станциясының өзіндік тарихы бар. Ол 1999 жылы ашылып, содан бері тәжірибелі шеберлерден құралған ұжым қалыптастырған. Мұнда көптеген мамандар ондаған жыл бойы үздіксіз еңбек етіп келеді.

СНХ: НИКОЛАЙ ЯБОРОВ – АВТОСЕРВИС ДИРЕКТОРЫ


Айта кетейік, бұл станция жергілікті колледждермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мұнда жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер тәжірибеден өтіп, болашақ маман ретінде шыңдалады.


СНХ: НИКОЛАЙ ПОРВАТКИН – СТУДЕНТ

Автослесарь мамандығы — күш пен білімді, дәлдік пен жауапкершілікті талап ететін кәсіп. Дәл осы шеберлер жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, көліктердің өз сапарын сенімді түрде жалғастыруына мүмкіндік береді.