Мәжіліс депутаттары көшпелі отырыс өткізді. Бағыт – ауылшаруашылық саласында. Ақмола облысына сапарлаған депутаттар ет-шұжық, құс, тауық етін өндіретін бірнеше кәсіпорынға барып, жұмыс процесімен, олар қолданатын озық технологиялармен танысты. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен басқосуға Ауыл шаруашылығы, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің, әкімдік пен аграрлық несие корпорациясының өкілдері, халықаралық ұйымдар мен салалық қауымдастықтардың сарапшылары қатысты.


СНХ: СЕРІК ЕГІЗБАЕВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ