Ғ. Мүсірепов атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – біздің байлығымыз» атты интеллектуалдық викторина өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға және ашықтық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.
Үздік білгірлер атағы үшін колледж студенттерінен құралған үш команда өзара бақ сынады. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және интернет-алаяқтық тақырыптары бойынша білімдерін тексеріп, оқу аудиторияларында ашықтық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын көрсетеді.
СНХ: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫСЫ
Іс-шараға М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжі, Қызмет көрсету саласы колледжі және Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері қтысты. Викторинада заң мен тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар қойылды.
СНХ: АНАСТАСИЯ КОНДРАТОВА – СТУДЕНТ
Викторина қорытындысы бойынша барлық қатысушылар грамоталармен, кубоктармен марапатталды.