Елімізде заңсыз иемделген активтер мемлекет меншігіне қайтарылып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында олар әлеуметтік нысандардың құрылысына және жаңғырту жұмыстарын қаржыландыруға жұмсалып жатыр. Осындай нысандардың бірі - Петропавл каласындағы Жас Өркен шағын ауданында ашылған 280 орындық жаңа балабақша. Екі қабатты нысан екі жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған 12 топты қамтиды.
Балабақшаның құрылысы осы жылдың ақпан айында басталған. Ғимараттың жалпы аумағы 3122 шаршы метрді құрайды. Ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, жаңа нысанның өңір үшін маңызын атап өтті.
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жаңа балабақша заманауи талаптарға сай толық жабдықталған. Мұнда балалардың қауіпсіздігі мен жайлы дамуына қажетті оқу кабинеттері, ойын және спорт залдары қарастырылған. Барлық жабдықтар бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына бағытталған.
Жаңа балабақшаның ашылуы шағын ауданда тұратын петропавлдықтар үшін үлкен қуаныш болды. Балабақшаның үйге жақын орналасуы ата-аналарға өте қолайлы. Бұл олардың күнделікті уақытын үнемдеп, балаларының жайлы әрі ыңғайлы орында тәрбие-білім алуына мүмкіндік беріп отыр.
СНХ: МИНАРА ҚАЙЫРБЕК, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Салтанатты іс-шара барысында бүлдіршіндер жиналған қауымға өз өнерлерін ұсынды. Олар ән шырқап, би билеп, өлең шумақтарын оқыды. Осы кезде облыс әкімі балаларға тәтті сыйлықтар табыстады. (9600) Содан кейін өңір басшысы балабақшаның асханасына барып, заманауи құрал-жабдықтарды өз көзімен көріп, олардың жұмысымен танысты.
СНХ:АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қоса кетейік, білім мекемесі мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 2 млрд теңгеден астам қаржыға салынды.