«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, өз ісінің шебері, еңбекқор жас – Әкежан Журымбай бүгінде барберлік салада табысты еңбек етіп келеді. 2017 жылы «Серпін» бағдарламасымен Қызылордадан Петропавлға келген ол оқуын тәмәмдаған соң, жеке кәсібін дөңгелетіп, бүгінде халықаралық деңгейде жетістікке жетіп отыр. Жас маманмен әріптесім сұхбаттасып қайтты.
Қызылордалық Әкежан Бектұрғанұлы 2017 жылы «Серпін» бағдарламасы арқылы Петропавл қаласына оқуға түсуге келіп, СҚУ-ін педагогика және психология мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмәмдаған. Бүгінде ол – екі баланың әкесі, өз өмірлік серігін де осы шаһарда жолықтырған.
СНХР: ӘКЕЖАН ЖҮРІМБАЙ, БАРБЕР
Әкежан 2019 жылдан бастап барбер саласында еңбек етіп келеді. Қазір жеке шеберханасы мен 8 адамнан құралған кәсіби командасы бар. Жуырда Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында екінші орынды иеленіп, халықаралық деңгейдегі шебер атанды. Ол Петропавлды өз үйіндей көреді, бұл қаланың адамдары да, мүмкіндіктері де көңілінен шығады. Сән мен стильді үйлестіре білген маман келушілер құрметіне ие, өз ісіне адал азамат.
СНХР: АҚЖОЛ ТҮСІПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 860 отбасы қоныстандыру жоспарланған. Оның ішінде 44 қандас отбасы бар. Бүгінгі күнге дейін 547 отбасы квотаға енгізілді. Қоныс аударушылардың 828-і – еңбекке жарамды жастағылар, оның 262-сі тұрақты жұмысқа орналасқан. Көшіп келушілер негізінен Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау және Жетісу өңірлерінен.