Манаш Қозыбаев атындағы университетте жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Болашақ мамандығы» атты фестиваль өтті. Іс-шараға өңірдегі техникалық колледж студенттері қатысты. Бұл жастар үшін заманауи инженерлік және цифрлық технологиялардың оқу үдерісінде қалай қолданылатынын өз көздерімен көруге, болашақ маман ретінде қандай мүмкіндіктер күтіп тұрғанын білуге үлкен мүмкіндік болды. Тақырыпты әріптесім жалғастырады.
Фестиваль аясында Инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің студенттері әзірлеген 30-ға жуық жоба ұсынылды. Іс-шараның басты мақсаты жұмысшы мамандықтарын насихаттау және заманауи техникалық білім беру мүмкіндіктерін көрсету.
СНХР: ҚАЙНИЖАМАЛ ЫҚЫЛАСОВА — KOZYBAYEV UNIVERSITY ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Студенттер іс-шараға белсенді араласып, сұрақтар қойып, техникалық бағыттарға үлкен қызығушылық танытты. Болашақ талапкерлер үшін бұл – университетпен жақынырақ танысып қана қоймай, болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік. Сонымен қатар, қазіргі кезде қандай технологиялар мен бағыттар қарқынды дамып жатқанын түсінуге жол ашады.
СНХР: ВЛАДИСЛАВ ЧЕСНОКОВ ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
«Болашақ мамандық» фестивалі — жастар инженерлік және жұмысшы мамандықтарының нақты мүмкіндіктерін көре алатын алаңға айналды. Мұндай кездесулер оқушылар мен студенттерге болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға, табысты мансапқа жол ашатын дағдыларды түсінуге көмектеседі.