Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасының қорытынды конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып, экологияны қорғау мен жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Конференцияға облыстың белсенді жастары, колледж студенттері мен волонтёрлар қатысты. Жалпы 50 ден астам қатысушы.

Тәуелсіздік күні қарсаңында өңір волонтёрлері «Таза Қазақстан» бағдарламасының қорытындысын шығарды. Жыл басынан бері бес мыңнан астам адамды қамтыған 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Қатысушылар экологиялық бастамалардың нәтижелерін талқылап, алдағы жоспарлармен бөлісті.Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық даму және ақпарат орталығының Жастар бастамалары бөлімі ұйымдастырған.

СНХ: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, «BIRGEMIZ» СҚО ВОЛОНТЁРЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік құрылымдар, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған бұл конференция жастардың болашақтағы ортақ бастамаларға негіз болатынын көрсетеді.

СНХ: ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚО ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай конференциялар жастардың экологияға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, өңірдегі волонтёрлік қозғалыстың дамуына да серпін береді.