Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Жеті жарғы — қазақтың құқықтық заңнамалық құжаты» атты республикалық танымдық конференция өтті. Бұл іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы іс-сапармен келді.
Жалпы «Жеті жарғы» 17 ғасырдың соңында қазақ ханы Тәуке ханның тұсында қабылданған. Аталған заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл заң жинағының мазмұны ислам дінінің негізгі ұстанымдарымен терең үндесетінін де атап өтті.
СНХ: НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ
Сонымен қатар, конференция барысында облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов өңір басшысының атынан Бас мүфтиді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығымен құттықтап, алғыс сөзін жеткізді. Одан бөлек, ол өңірімізде Діни басқарма филиалының атқарып жатқан маңызды жұмыстарына ерекше тоқталып, жоғары баға берді.
СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКIМIНIҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айта кеткен жөн, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 1990 жылы 12 қаңтарда дербес мүфтият болып құрылған.