«Заң және Тәртіп» идеологиясының мәні неде? Осы сұраққа петропавлдық Жоғары құрылыс-экономика колледжінің студенттері мен магистранттарына полицейлер түсінік берді.
Полиция қызметкерлері түрлі білім беру мекемелерінің оқытушыларымен және ІІМ құрылымдарының мамандарымен бірлесіп «Құқықтық мемлекет – басты құндылық» тақырыбында конференция өткізді. Қатысушылар Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу тарихын талқылап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Заң және Тәртіп» идеологиясын айқындайтын басты бағыттарды атап өтті, студенттердің күнделікті өмірінен алынған мысалдар арқылы негізгі мәселелерді қарастырды.
Заңгерлік мамандықққа оқып жатқан студенттер құқықты қолдану тәжірибесі, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл шаралары және ішкі істер органдарындағы қызмет туралы сұрақтар қойды.
СНХР: Руслан Тасимов — СҚО ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы
Іс-шарада Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Мәдениет орталығының вокал тобы өнер көрсетті. Кинологиялық қызмет мамандары қызметтік-іздестіру иттерінің тыйым салынған заттарды анықтауда қалай көмектесетінін көрсетті. Жедел арнайы жасақ офицерлері жауынгерлік даярлық элементтерін паш етті, ал жасақ қызметкері Татьяна Долбышева қазақстандық әйелдер командасының халықаралық арнайы жасақ жарыстарында екінші орын алғаны туралы айтты.
Сондай-ақ полицейлер Ішкі Істер Министрлігінің оқу орындарына және қызметке қабылдау тәртібін түсіндірді. Бұл жөнінде толық кеңесті әркім тұрғылықты жері бойынша полициядан ала алады.