Заң, тәртіп, ортақ жауапкершілік. Полицейлер Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Тақырып – көші-қон заңнамасы және шетелдіктер тарапынан құқықбұзушылықтардың алдын алу.


Өңірде 11 мыңнан астам шетелдік тұрады. Биыл олар 28 қылмыс жасаған, сондай-ақ 50 жағдайда қылмыстың құрбаны болған. Шетелдіктерге қарсы құқықбұзушылықтардың басым бөлігі — алаяқтық пен ұрлық. Ал құқықбұзушылық жасайтындардың ішінде өңірде тұрақты тұратын ТМД елдерінің азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жиі кездеседі. Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ермек Нұсұрбаев жауапкершілік шараларын түсіндірді. «ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 12 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау, өзгелердің құқықтары мен ар-намысына құрмет көрсету — әр азаматтың міндеті», — деді ол.

СНХР: ЕРМЕК НҰСҰРБАЕВ – СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ 


Ассамблея мүшелері шетелдіктердің елде болу мерзімдерін, құжат рәсімдеу тәртібін, тіркеуге қатысты мәселелерді нақтылады. Жеке тақырып — киберқылмыстардың алдын алу. Барлық сұрақтарға толық әрі құзыретті жауап берілді. Кездесу «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту аясында өтті.