Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына бөлінген субсидияға салық салынбауы мүмкін. Мәжілісте «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Оған сай Маңғыстау халқын электр энергиясымен, жылу және сумен қамтып отырған атом энергетикалық комбинатына жеңілдік жасауға бағытталған норма енгізілді. Өйткені бұған дейін кәсіпорынға берілген қаржының 20 пайызына салық салынып отырған. Мәселен 2024 жылы 5 млрд теңге бөлініп, оның 1 млрд теңгесі салық ретінде қайтып алынған. Қазір аталған комбинат банкроттықтың сәл-ақ алдында тұр. Себебі газды өз құнынан бірнеше есе қымбат сатып алып отыр,- дейді мәжіліс депутаттары.

СНХ: ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ