Облыс орталығында Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының 165 жылдығына арналған «Гәккулеткен Қызылжар» атты концерт өтті. Сонымен қатар, кеште жергілікті өнерпаздар биылғы өзге де маңызды мерейтойларға ерекше тоқталып, әр қайсысын ән-жырмен өрнектеді.


Белгілі халық композиторы 19 ғасырда өмірі сүріп, артына 40 астам ғажайып туынды қалдырды. Кеш барысында Үкілі Ыбырайдың халық жадында сақталған әйгілі әндері орындалып, композитордың бай музыкалық мұрасы кеңінен насихатталды. Өнерпаздар сазгердің інжу-маржанға айналған туындыларын орындап, көрерменді бір сәтке өткен ғасырдағы қазақтың сал-серілік дәуіріне жетеледі. «Гәкку» әні орындалғанда зал ерекше ықыласқа толып, өнер сүйер қауымның рухани серпілісі айрықша байқалды.