Облыс орталығында ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Мекеме келер жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жоба құны 770 млн теңге. Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыс алаңында болып, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
Петропавлда аутизм және басқа да психикалық ауытқушылықтары бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Нысан Солтүстік Қазақстан облысы үшін аса қажет. Себебі, аймақта еңсе түсіретін диагнозбен жүздеген бала тіркеуде тұр. Қазіргі таңда ата-аналар ұл-қыздарын басқа қалаларға апаруға мәжбүр. Бұл шығынды көбейтіп, сапалы ем алуға мүмкіндік бермейтіні сөзсіз. Келер жылы өзекті мәселе өз шешімін табады. Ауқымды қайта қалыпқа келтіру жұмыстарымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
СНХ: РИНАТ ЕЛЖАСОВ, СҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жоспар бойынша орталық 2026 жылдың қазанында ашылуы тиіс. Облыс әкімі мердігерге маңызды жұмыстарды тамыз айында аяқтауды тапсырды. Айта кету керек, іспен жергілікті "Петробилдинг" серіктестігі айналысуда.
СНХ: ТАТЬЯНА ИГНАТЬЕВА, БАС МЕРДІГЕР