ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіні жылды қорытындылады. Есепті кезеңде ведомство нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені жөнінде 24 хабарлама енгізді.

Мәселен, бәсекелестік жағдайына жасалған талдау нәтижесінде өңірдегі 22 астық қабылдау кәсіпорнына олардың әрекеттерінде заңбұзушылық белгілерінің бар екені, атап айтқанда, астықты қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту қызметтері нарығындағы доминанттық жағдайын теріс пайдалану деректері бойынша хабарламалар жіберілді. Бұл автокөлікпен және теміржол көлігімен астықты жөнелту қызметтеріне жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері әртүрлі бағалар қою арқылы негізсіз тариф белгілеуден көрініс тапқан.

СНХР: МАРЛЕН ХАМЗИН – ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ