Петропавл қаласының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жаңа мекенжайға көшеді. 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап тұрғындарды жаңа мекенжай бойынша қабылдайды: М. Жұмабаев көшесі, 105-үй. Айта кетейік, бөлім азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін қабылдайды. Түскі үзіліс - 13:00-ден 14:30-ға дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Бұған дейін қала тұрғындарына қызмет көрсету Қазақстан Конституциясы көшесі, 72 мекенжайында орналасқан ғимаратта жүргізілген болатын.