2026 жылы зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 10% көбейді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инфляцияның қазіргі және болуы мүмкін мәндерін есептеп, жаңа кесте құрды. Оған сәйкес енді 20 жастағы азаматтың жинағында 3 млн 750 мың теңгеден артық ақша болса ғана, бір бөлігін пайдалана алады. Бұрын бұл сомма 3 млн 260 мың теңге еді. 30 жастағы азаматтардың шекті соммасы 4 млн 580 мың теңгеден 5 млн 120 мыңға дейін өсті. 40 жастағылар 6 млн 720 мыңнан, ал 50 жастағылар 8 млн 570 мың теңгеден асқан ақшасын ғана белгілі мақсатта жұмсай алады. 60 жастан асқандар үшін жинағында кемі 10 млн 700 мың теңге болуы тиіс.

СНХ: МҰРАТ ШӘРІПОВ «БЖЗҚ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ