90-жылдардағы тоқырау талай жанның тағдырын өзгертті. Елде жұмыссыздық жайлап, ауыл тіршілігі тұралап қалған шақта, үмітсіздіктен емес, керісінше болашаққа сеніммен қарап – еңбекпен алға ұмтылған жандар аз болмады. Солардың бірі Айыртау ауданына қарасты Сырымбет ауылының тұрғыны, зейнеткер Талғат Құрманғожин. Тоқырау тығырыққа тіреген шақта Талғат Нұрғалиұлы отбасын асырау тұрғысында егіншілікпен айналысуға кіріседі. 98 гектар жерге ырыс дәнін сіңіруден басталған шағын қожалық қазіргі күні, аграрлық саладағы алпауыт фирмалармен терезесі тең іргелі серіктестіктердің бірі саналады аудан көлемінде. Әрі кәсіптің бұл түрі бүгінде, атадан-балаға мирас болған отбасылық кәсіпке айналып отыр.
Тоқырау жылдары ауылдар тұралап, халықтың көбі жұмыс іздеп ауылдан қалаға үдере көшіп жатса, елдегі жағдайдың мүшкілдігіне қарамастан Талғат Нұрғалиұлы керісінше – туған жердің тіршілігін түлетуді мақсат етті. «Арай-1» шаруашылығының ірге тасы осылайша қаланған.
СНХ: ТАЛҒАТ ҚҰРМАНҒОЖИН – СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ
Теріскейдің кең байтақ даласы – ғасырлар бойы диханшылық пен мал шаруашылығының ордасы болған өлке. Осыны ұтымды пайдалану үшін Талғат Нұрғалиұлы да егіншілікпен мал шаруашылығын қатар дамытуда қолға алады.
СНХ: ТАЛҒАТ ҚҰРМАНҒОЖИН – СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ
Десе де ауыл баласы Талғат ағамыздың ес білгелі, жылқыға деген сүйіспеншілігі оны жылқы шаруашылығына қайта оралуға итермелепті. Бүгінде мұдағы жылқы басы шамамен үш ауылдың жылқы басына жуықтаған.
СНХ: ТАЛҒАТ ҚҰРМАНҒОЖИН – СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ
Қожалық жұмысын қолға алып, егіншілікпен айналысуды енді бастаған шақта Талғат Нұрғалиұлының алдына қойған мақсаты, істің бұл түрін отбасылық кәсіпке айналдыру болған. Бүгінде ол арманы орындалды.
СНХ: ТАЛҒАТ ҚҰРМАНҒОЖИН – СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ
Жаңа техникалардың бәрі қазір шатыр астында қаз қатар тізілген. Ал машина-трактор паркінің шетінде тұрған мына МТЗ 82 маркалы техникаға келер болсақ, бұл трактор бүгінгі серіктестіктің бастауында болған жәдігер іспеттес.
СНХ: ТАЛҒАТ ҚҰРМАНҒОЖИН – СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ
Құрманғожиндер әулетінің бүгінгі жетістіктері кім-кімге болмасын үлгі-өнеге. Ал ол –еңбекқорлық, сенім мен табандылықтың жемісі мен жеңісі.