Алдағы демалыс күндері өңірде ауа райы жылынады. Осыған байланысты полицейлер мен «Қазгидромет» мамандары жүргізушілерді жолда жылдамдықты асырмай, жол ережесін сақтап жолда абай болуды ескертеді.
Полицейлер Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Қазгидромет» мамандарымен бірлесе отырып, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында ауа райының өзгеруі мүмкін екенін жүргізушілерге хабарлауда.
СНХР: Даурен Қошұғұлов — «Қазгидромет» РМК СҚО филиалы бөлімінің басшысы
Мұндай жағдайда жүргізушілерге жолда ерекше сақ болу қажет. Полицейлер болжамды ескеруді, көліктің техникалық жарақтарын тексеруді және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды. Көктайғақ пен нашар көріну кезінде жылдамдықты барынша төмендетіп, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауды ескертеді.
11 айда СҚО-да 542 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 47 адам қаза тауып, 710 адам жарақат алды. Республикалық маңыздағы автожолдарда 104 апат орын алып, 26 адам қаза болды, 173 адам жарақат алды. Сондықтан патрульдік полиция мен «Қазгидромет» алдымен қала сыртындағы жолдарға шығатын жүргізушілерге үндеу жолдайды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі барлық қызметтердің бірлескен жұмысы — «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды бөлігі.