С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазіргі Қазақстан әдебиетінің кітап көрмесі өтті. Сондай-ақ, Татарстан ұлттық кітапханасының сыйға тарту еткен топтамалары сөрелерге қойылып, оқырман назарына ұсынылды.

Көрмеге барлығы 300-ге жуық жаңа кітап қойылды. Олар мемлекеттік тапсырыспен түскен және бюджет қаражатына алынған туындылар. Ал, кейбірін облыстық кітапханаға баспаханалар мен жеке авторлар сыйға тарту еткен.

СНХ: ЗАҒИПА ЕҒЗАМ, КІТАПХАНАШЫ


Көрмеге келген оқырмандар ұсынылған кітаптарды зор қызығушылықпен тамашалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс- шара халықтың кітап оқу мәдениетін нығайтып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Мұнда қазақ тіліндегі басылымдармен қатар, орыс және татар тілдеріндегі кітаптарды да кездестіруге болады.

СНХ: ФАЙЗУЛА ФАЙЗУЛИНА, ОҚЫРМАН


Көрме жыл соңына дейін жалғасады. Кітапханаға келген кез келген оқырман өзіне ұнаған кітапты таңдап, оны оқу залында еркін танысып оқи алады.