Облыс орталығындағы теміржол арқылы өтетін автожол өткелінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Шаруаның барысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысып қайтты. Нысан орталық пен Жұмысшы кентін байланыстырады. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталған.


Нысанның жалпы ұзындығы - 1,1 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда көпірдің негізгі бөліктерінде құрылыс аяқталған. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Түнгі ауысымда 28 маман, ал күндіз 30-дан аса адам жұмыс істейді.

СНХ: МҰРАТ ХАРСИЕВ «ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС-СК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ