Облыс орталығындағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақтың белгілі ағартушылары – Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов және Ғабит Мүсіреповтің мерейтойларына арналған зияткерлік ойын өтті. Іс-шараға қаламыздың мектеп оқушылары қатысты.

Зияткерлік сайысқа қаламыздағы білім беру ұйымдарының 9-сыныптарынан құралған 6 команда қатысты. Ойын барысында олар ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беруі қажет болды. Әр сұраққа белгілі бір уақыт берілді. Зияткерлік ойын 6 бөлімнен тұрды.

СНХР: ДИАНА ЕРСАЙЫНОВА Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ


Ұлжан Бубашихан әдебиетке жақын екенін айтады. Ол Мұқағали Мақатаев пен Бейімбет Майлиннің шығармашылығына ерекше қызығады. Ақын-жазушылардың өлеңдері мен туындыларын сүйіп оқып, олардың атындағы түрлі оқуларға да тұрақты түрде қатысып жүр.

СНХР: ҰЛЖАН БУБАШИХАН, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы