Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауы аясындағы тапсырмаларды іске асыру аясында прокуратура және уәкілетті мемлекеттік органдар қоғамымызда «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асырып келеді. 


Биыл облыста есірткі қылмыстарын анықтау көрсеткіші 20%-ға өсті, оның ішінде есірткі сатуға қатысты істерді ашу 23%-ға артқан. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 815 кг-ға жуық есірткі, оның ішінде 6 кг-нан астам синтетикалық есірткі заттары алынды. Өңірге өзге облыстардан есірткі жеткізудің 14 арнасының жол кесілді және есірткі құрамдас өсімдіктерін заңсыз өсірудің 9 дерегі анықталып, жойылды.

СНХР: МАКСИМ ДОРОВИК – СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ


Құқық қорғау органдары дрондарды қолдану арқылы ҚК 297-бабы бойынша 3 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, барлық істер бойынша күдіктілер анықталған, оның бірі сотқа жолданды. Соттар 138 тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартты, олардың ішінде 23 әйел және 1-еуі кәмелетке толмаған адам.

СНХР: ОРАЗГЕЛДІ МҰСАФАР – СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ


Қылмыстық жауапкершілік тек сату фактісі үшін ғана емес, сондай-ақ: есірткіні өзінде сақтау; есірткі заттарын беру немесе тасымалдау; өзге адамдарды есірткіні пайдалануға үгіттеу; есірткі өсімдіктерін өсіру; олардың жарнамасын тарату, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жүргізу үшін де көзделген.