Жерлесіміз Дамир Абдин халықаралық «Жыл волонтері» премиясының иегері атанды. Ол қайырымдылық пен еріктілікті өмірлік миссиясына айналдырған азамат. Бүгінде ол облысымыздағы волонтерлерді біріктіріп, оларға бағыт-бағдар беріп келе жатқан жан.
Бүгінде Дамир Абдин Петропавлда 1500-ге жуық еріктінің басын біріктіріп, жастарды игі істерге жұмылдырып жүрген белсенді жетекшілердің бірі. Қайырымдылық шаралары мен қоғамдық бастамалардың басы қасында жүретін ол — еріктілікті өмірлік миссиясына айналдырған азамат. Ал бұл жол оның бала кезінен басталған. Ол отбасында 11 баланың оныншысы. Дамир ерте жастан өзгенің жағдайын түсініп, қолұшын созуға бейім болды. Көпбалалы отбасында өскен Дамирдың балалық шағы оңай болмаған.
СНХ: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Дамир волонтерлікке кездейсоқ келген жоқ. Алғаш рет ол жоғалған адамдарды іздеумен айналысатын волонтерлік қозғалысқа қосылып, шынайы жауапкершілік пен жанашырлықтың не екенін сол жерде сезінді. Дәл сол сәттен бастап ол осы жолға қадам басты. Уақыт өте келе жинаған тәжірибесі мен өзге жандарға көмектесуге деген құлшынысы артып, ол «Помощь рядом» атты өз волонтерлік ұйымын құру туралы шешім қабылдайды.
СНХ: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Еріктілерге бағыт беріп, олардың басын біріктіріп отырған Дамир Абдиннің «Помощь рядом» волонтерлік ұйымы бүгінде тек Петропавлда ғана емес, Шымкент пен Астанада, тіпті Ресей мен Оңтүстік Кореяда да жұмыс істейді. Қазіргі таңда жоба 54 қалада белсенді дамып келеді. Жылдар бойы атқарған еңбегі еленіп, Дамир биыл өткен халықаралық «Жыл волонтері» премиясының иегері атанды. 174 үміткердің арасынан жеңімпаз атанған ол, нәтижесін естіген сәтте қандай әсерде болғанын да жасырмады.
СНХ: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Еріктілік жолында талмай еңбек етіп, талай жанның өміріне үміт сыйлап жүрген Дамир Абдиннің еңбегі ел деңгейінде де еленді. Ол атқарған игі істері үшін Мемлекет басшысының «Халық алғысы» медалімен марапатталған.