Облыста жыл басынан бері 464 өрт тіркеліп, материалдық шығын 380 млн теңгеден асты. Тілсіз жаудан 32 адам қаза тапты. Оның үшеуі бала.Сондай-ақ көміртек тотығымен уланудың 14 жағдайы анықталып, 2 адам мерт болды. Қазір жаңажылдық мереке қарсаңында өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары күшейтіліп, тиісті қызметтер профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері мамандар 49 мыңнан астам үйді аралап, 81 мың тұрғынмен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халыққа 77 мыңнан астам жадынама таратылған. Әлеуметтік осал топтарға жататын 5 781 тұрғын үй есепке алынды. Онда 24 мыңнан астам адам тұрады, оның ішінде 13 мыңнан астамы балалар. Пештер мен мұржаларды тексеру жұмыстары назардан тыс қалмады.
СНХ: ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Автокөліктердегі өрттер де назарда. Биыл көліктерге қатысты 58 өрт тіркеліп, келтірілген шығын 170 млн теңгеден асты. Газбен жүретін автокөліктерге қатысты бірнеше рейд өткізіліп, түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды. «Газбаллон» акциясы аясында мамандар жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, паркингтерге газбен жүретін көліктерді қоюға тыйым бар екенін ескертті.
СНХ: ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Сондай-ақ, жаңа жыл жақындаған сайын пиротехникаға сұраныс артады. Осыған байланысты 17-26 желтоқсан аралығында «Қауіпсіз Жаңа жыл», 20-31 желтоқсанда «Пиротехника» акциялары өтеді. Мамандар заңсыз сатылымдағы отшашулардың қауіпті екенін ескертіп, тексерістерді күшейтіп отыр.