Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Заң және тәртіп» қағидаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде бекітілген. Бұл принцип тек құқық қорғау саласына ғана емес, қоғамдағы құқықтық мәдениетті күшейтуге бағытталған. Осы орайда оқушылар сарайында «спорт пен заң – болашақты қалыптастыратын күш!» атты жиын өтті.

Спорт пен заң бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Тәртіп, жауапкершілік және қоғамға құрмет әрбір спортшының басты қағидаты болуы тиіс. Облыста бүгінде 2 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді. Әр аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар. Сондай ақ облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов әңірде жабық хоккей корттарының құрылысы да қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Қоғамда спорт пен спортшыларға деген құрмет ерекше. Бүгінде өңірде 15 мыңнан астам адам жекпе-жек спорт түрлерімен айналысады. Оның 4 жарым мыңы балалар мен жасөспірімдер. Сол себепті әр спортшының мінез-құлқы, тәртібі және заңға деген көзқарасы баршаға үлгі.

СНХ: АЛМАС АСАИНОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ


Статистикаға сәйкес, соңғы жылдары 49-дан астам қылмыстық іс тіркелген. Соңғы 10 жылда спорттық қауымдастық өкілдері арасынан 12 адам құқықбұзушылық жасаған, оның ішінде ұсақ бұзақылық деректері бар. Сонымен қатар, спорт саласында 300-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.