Адам сахнаны көрмей, тек дыбыс, дауыс пен музыканы ғана естігенде қандай әсер алады? Петропавлдағы Креативтік орталықта көрермендер көзін жұмып тамашалайтын «ATMOS» театры жұмыс істейді. 

Атмосфералық спектакль – ерекше форматтағы театр. Мұнда визуалды көріністен гөрі дыбыс, дауыс, музыка , кейде иіс пен түрлі сезімдер арқылы көрерменнің қиялында эмоционалды орта қалыптастырылады.

СНХР: САНЖАР ТОЙБОЛАТ – «ATMOS» ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ, НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ


Әр көрермен атмосфералық қойылымды өзінше сезінеді, сондықтан әр жолы ол өзгеше болып шығады. Режиссердің айтуынша, мұндай театр Креативтік орталықсыз мүмкін болмас еді – жас таланттар идеяларын жүзеге асыратын алаң дәл осы жерде.

СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА – КРЕАТИВТІ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Театрға бар болғаны жарты жыл болса да, мұнда көтерілетін тақырыптар мазмұнды. Бүгінгі күнге дейін 3 спектакль қойылды. Труппа құрамында – 10 жас актер өнер көрсетеді. Олар Санжар Тойболат жетекшілік еткен студенттік театрдан кейін келгендер.

СНХР: ДИАНА МАЕВСКАЯ – «ATMOS» ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ


Спектакльдерден бөлек, театрда актерлік шеберлік бойынша тегін шеберлік сабақтар өткізіледі. Мұнда дауыс қою, импровизация жасау, сенімді сөйлеу сияқты дағдылар үйретіледі. Қатысу тегін, ең бастысы – ниет болса болғаны.