Айыртау ауданы өңіріміздегі өзге аудандарға қарағанда қарағай мен қайыңы аралас өскен таулы қыраттары, таңғы шықтай мөлдір көлдері мен тарихи мұрасы, тұмса табиғатының көркемдігімен ерекшеленеді. Табиғаттың бар сұлулығы бір жерге тоғысқан бұл мекенде соңғы жылдары туризм саласы қарқынды дамып, қанатын кеңге жаюда. Қазіргі күні мұнда үлкенді-кішілі 48 демалыс орындары бар. Солардың бірі «Солнечный ВИП» демалыс орталығы. Имантау көлінің жиегінде орналасқан базаға келушілер бұл жерде тек дем алып қана қоймай, мұндағы шағын шипажайда кедр ағашынан жасалған арнайы бөшкелерде панта және фито емдік шараларын қабылдап, тұзды шахтар, панта және сазды ванна, инголяция, массаж, гидромассаж, ароматерапия кабинеттерінде өз денсаулықтарын түзеу мүмкіндігіне де ие бола алады.


Бұл көріністер Айыртау ауданы табиғатының әсемдігін ғана айқындап қана қоймайды сонымен қатар ауданның дамуында туризм саласының маңызды рөлге ие екендігін айғақтайды. Мұндағы туристік нысандар жаз мезгілінде тәулігіне 4000-ға жуық адам қабылдауға қауқарлы.

Солардың бірі «Солнечный ВИП» демалыс орталығы. Бұл жерде де демалушыларға жалға берілетін түрлі деңгейдегі үйлер жетерлік. Алайда олар тек мамыр айының басынан қазан айының ортасына дейін ғана жұмыс істейді. Ал мұндағы шағын шипажай болса дертіне дауа іздегендерге жыл 12 ай қызмет көрсетеді.


СНХ: Ольга Подуражная – орталық директоры

2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шағын шипажай, бес күндік жолдама бойынша бір мезетте 20 адам қабылдауға қауқарлы. Кімге қандай ем қолдану керектігін орталықтағы дәрегер анықтайды. Емдік процедураның бір сеансы 15 минут.


СНХ: Қанат Бейсембаев – ем қабылдаушы 

Сауықтыру орталығы біздің алдымызда ғана 5 күндік ем дом шараларын қабылдаған Қостанай облысынан келген бір топты шығарып салыпты. Бірер сағат көлемінде Ақмола облысынан келетін тағы топты қарсы алуға дайын. Ем-дом шараларын қабылдаушылардың 80 пайызыдан астамы өзге өңірлердің тұрғындары. Олар мұнда кәсіподақ ұйымдарының жолдамасы арқылы жіберіледі екен. Ал өз өңіріміздегі туризмді дамытуға ат салысуда біздегі кәсподақ ұйымдарының сылбырлығы мен салғырттығы көңілге кірбің ұялатады.