Биыл Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына 10 жыл толды. Мерейтойға орай мектеп ұжымы бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырды. Соның бірі – республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, ал екіншісі – мерейтойға арналған салтанатты жиын. Атаулы іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен білім беру саласындағы үздік мамандар мен әріптестер арнайы келіп, мектеп ұжымын құттықтады
Осы 10 жылдың ішінде мектеп қалыптасу кезеңінен шығып, маңызды даму сатысына өтті. Қазіргі уақытта бұл - облыста Халықаралық Мектептер Кеңесінің талаптарына сай келетін жалғыз мектеп. Биыл білім ордасы екінші аккредитация циклін өткеруге дайындалып жатыр. Бұл – оқу ордасының білім беру сапасына деген міндеттемесінің, өзгермейтін жоғары стандарттарының жарқын көрінісі.
СНХ: ВИКТОР СОСИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қазір мектепте 705 оқушы білім алып жатыр. Мұнда тек солтүстікқазақстандық оқушылар ғана емес, басқа өңірлерден келген балалар да бар. Сонымен қатар, мектепте 87 мұғалім жұмыс істейді. Олардың көпшілігі мектеп ашылғаннан бастап, бірінші күннен бері еңбек етіп келеді.