Петропавл теміржол вокзалында жоспарлы өртке қарсы оқу-тактикалық жиыны өтті. Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдай қызметтерінің дайындығын күшейту және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылды пысықтау.

Сценарий бойынша өрт камералық сақтау бөлімінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан басталған. Құтқару және өрт сөндіру қызметтері жағдайды шынайы төтенше оқиға ретінде қабылдап, тез әрекет етуі тиіс болды. Жаттығу барысында өртті сөндіру және зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жүргізілді. Вокзал ғимаратынан шамамен 200 адам эвакуацияланды.

СНХР: БОЛАТ ЖҰМАЖАНОВ, ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы да қатысты. Мамандар ірі өртті сөндіру кезіндегі үйлесімділікті және өзара әрекеттесуді пысықтады. Оқу-жаттығу барысында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдар нақтыланды.

СНХ: НИКОЛАЙ НАУМЕНКО, ТЕМІРЖОЛ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Оқу-жаттығуға теміржол өрт сөндіру командасы да қатысты. Міндеттер сәтті орындалды. Өрт сөндіру пойызы да болды, онда су қоры мол. Ол ірі өрт жағдайларында үлкен рөл атқарады.

Жаттығу қорытындысы бойынша мамандар бөлімшелердің жұмысын үйлесімді және нәтижелі деп бағалады. Мұндай профилактикалық оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алу және халықты қорғау үшін өткізіледі.