Солтүстік Қазақстан волейболы тағы бір мәрте өз мықтылығын дәлелдеді! «Қуаныш» волейбол клубының жасөспірімдер командасы Күзгі Қазақстан Республикасы кубогында чемпион атанды. Додалы дода қарашаның 13-і мен 19-ы аралығында Атырау қаласында өтті. 2009–2010 жылы туған қыздар аймақ намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді. Чемпиондарды Петропавл вокзалының перронында туыстары, достары және біздің түсірілім тобы салтанатпен қарсы алды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мықтылар сайысқан бұл жарысқа барлығы 15 команда қатысты. «Қуаныш» волейболшылары турнир бойы 6 ойын өткізіп, әр матчта өз шеберлігін танытты. Ақтық сында олар Астана командасымен жолығып, қарсыластарын 3:0 есебімен сенімді түрде ұтып, чемпиондық атағын иеленді.

СНХР: ОЙРАТ ЕРКЕНОВ, «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ


Қызылорданың тумасы Балайым Қойлыбаева биылғы жаздан бері «Қуаныш» волейбол клубының сапында өнер көрсетіп келеді. Спортшының айтуынша, бес жылдық кәсіби волейбол карьерасында дәл осы өткен чемпионат ол үшін ең әсерлі, ең ерекше жарыстардың бірі болған.

СНХР: БАЛАЙЫМ ҚОЙЛЫБАЕВА, «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ


Айта кету керек, команда осы жазда өткен чемпионатта екінші орынға табан тіреген болатын. Енді олар жаңа белестерді бағындыруға дайын. Алда — дәл өз қаламызда өтетін қысқы Қазақстан Республикасы кубогы. Бұл дода 4 және 11 қаңтар аралығында өтпек.