«Ауыл» партиясы өзінің 25 жылдығына тың жоба "Аграрлы Қазақстан" телебағдарламасын ұйымдастырған болатын. Жоба мақсаты - көрермендерді еліміздің әр өңіріндегі аграрлық саланың дамуы мен елді-мекендерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, жалпы ауыл халқының бүгінгі тұрмыс-тіршілігінен құлағдар ету.

Еліміз бойынша ұйымдастырылған «Аграрлы Қазақстан» республикалық тележобасы байқауында "Үздік телебағдарлама" номинациясында «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ «Қызылжар» телеарнасы 1 орынды жеңіп алса, "Үздік телеоператор" номинациясы да біздің еншімізге бұйырып, жоғары марапат «Республика күні» мерекесі қарсаңында Елордасы Астана қаласында табысталған болатын. Бүгін «Ауыл» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қайрат Пішенбаев арнамызда болып «Аграрлы Қазақстан» тележобасының жүзеге асырылуына сүбелі үлес қосқан үшін телеарна директоры Разия Ыдырысбаева, редакторлар Самат Есмағи мен Наталья Аитова, телеоператор Анатолий Белоногқа «Ауыл» партиясы орталық аппараты төрағасының атынан партияның 25 жылдық мерекелік медальдарын табыстады. Арна режисерлері Ирина Купина, Махаббат Мекембаева, монтаждаушылар Тимур Рахматулин мен «Нұрлан Ахметбаев, жүргізушілер Қанат Бейсембаев пен Ерлан Мұратбек «Ауыл» партиясы СҚОФ төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

СНХ: САМАТ ЕСМАҒИ – «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ РЕДАКТОРЫ