Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Петропавл қаласы әкімдігі және полиция департаментімен бірлесіп, Хромзауыт ықшам ауданында кең көлемді акция өткізді. Рейд барысында мамандар жеке сектордағы үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жөніндегі жадынамалар таратты.


Жыл басынан бері облыс аумағында 429 өрт оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, олардың салдарынан 27 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды, соның ішінде қайтыс болғандардың 3-і бала, ал жарақат алғандардың арасында да 3 бала бар. Айта кету керек, биылғы жылдың 1 қазанынан бері 58 өрт фактісі орын алған, осы аралықта 8 адам көз жұмды, ал материалдық шығын 14 миллион теңгеден асты. Өрттің басты себебі – қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлықпен қарау.

СНХР: ЖАРАС ТҰЯҚОВ, СҚО ТЖД ИНЖЕНЕРІ


Жылыту маусымы басталғалы бері облыс орталығында қауіпсіздік іс-шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар қызметі күндіз де, түнде де рейдтік және профилактикалық іс-шараларды қарқынды жүргізіп жатыр.

Жұмыстардың нәтижесінде қауіпсіздік айлығы аясында 2304 көміртегі тотығының датчигі, сондай-ақ 5781 тұрғын үйге газ бен түтінді анықтайтын құрылғылар орнатылды.


Ольга Заварзинаның айтуынша, 60 шаршы метрлік үйді жылыту оңай емес. Оның сөзінше, пешпен жылытудың да өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Ауа райы суытқан кезде тұрғындар үшін көмір мен отынды уақытылы дайындау қажеттілігі туындайды. Бұл – пешпен жылытуды қолданатындардың басты қиындықтарының бірі.

СНХР: ОЛЬГА ЗАВАРЗИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ


Айта кетейік, бір күн ішінде жүргізілген профилактикалық іс-шара барысында 70-ке жуық үй қамтылды.