Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен азаматтардың құқықтарын қорғау – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басты назарында. Ведомство халықтың өтініштерін тұрақты түрде қарап, құқықбұзушылықтарды қалпына келтіруге көмектеседі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментке жыл басынан бері 20 шағым түскен. Шағымдардың көбі – жер қатынастары мен сәулет-құрылыс саласына қатысты. Жеті өтініш бойынша заңбұзушылықтар анықталды. Соның бірі – азаматқа бұрын жалға берілген жер учаскесін жеке меншікке рәсімдеуден бас тарту жағдайы.

СНХР: НҰРГҮЛ ЖАНМҰРЗИНА – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ