Қызылжар креатив орталығында «Қызылжар» клубы және «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Iqas» атты қызықты да тартысты куиз өтті. Зияткерлік додаға әрқайсысы 3 пен 6 адамнан құралған 10-нан астам команда қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау деңгейлерін көрсетті.
Куиздің басты ұстанымы - қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін шыңдау, ең қызықты сұрақтар арқылы жаңа тыныс беріп, зияткерлік ортаны қалыптастыру болды. Сонымен қатар, сайыс түрлі жастағы адамдарды бір арнаға тоғыстырып, еркін пікір алмасуға, білім мен тәжірибені бөлісуге мүмкіндік жасады.
СНХ: БАТЫРЖАН СЕРІКОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» КЛУБЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ
Зияткерлік сайысты «Iqas» қазақша куизінің негізін қалаушы, тәжірибелі жүргізуші Мерей Ермұханов тізгіндеп, шараның мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтуіне айырықша үлес қосты.
СНХ: МЕРЕЙ ЕРМҰХАНОВ, «IQAS» ҚАЗАҚША КУИЗІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Сайысқа түрлі ұйымдардың өкілдері - ұстаздар, әскерилер, журналистер және өзге де саланың мамандары қатысты. Олардың белсенділігі сайысты жандандырып, қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты ерекше күшейтті.
СНХ: САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, КУИЗГЕ ҚАТЫСУШЫ
Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша «Қызылжар» телеарнасының командасы 4-ші орынға ие болып, қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хаттар берілді.