2024 жылы «Бірлік» шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 700 жер үй салынды. Барлық үйлерге екі жылдық кепілдік берілген. Осы уақыт ішінде мердігер компаниялар анықталған кез келген ақауды тегін жөндеуге міндетті. Мемлекеттік органдар үйлердің жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Мердігерлер де жедел әрекет етіп, қажетті жұмыстарды орындауда.

Өткен жылы қолданысқа тапсырылған бұл үйлердің жағдайын мемлекеттік орган өкілдері тұрақты түрде қадағалап отырады. Алайда, осы баспаналардың бірінің иесі Максим Черников үйдің ішкі қабырғаларына түскен жарықшақтар жайында әкімдікке хабарламай, мәселені мердігер фирмамен тікелей өзі шешпек болған Бірақ онысынан ештеңе шықпаған. Бұл жайында телеарналардың бірінен сыни материал көрсетілген. Мәселеге бірден қалалық әкімдік араласып, баспанадағы орын алған олқылық қалпына келтірілді.

СНХР: МАКСИМ ЧЕРНИКОВ – БІРЛІК ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


2024 жылы қолданысқа енгізілген 700 үйдің жағдайы қалалық әкімдіктің бақылауында, әр баспананың 2 жылдық кепілдік мерзімі бар. Сондықтан, кез келген олқылықты түзетуге бұл үйлерді салған мердігер фирмалар жауапты.

СНХР: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ - ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

.

Тұрғындар өз баспаналарына қатысты кез келген сұрақ бойынша қала әкімдігіне немесе құрылыс басқармасына жүгіне алады. Бұл мемлекеттік органдар кепілдік міндеттемелерінің орындалуын бақылауға жауапты.