Уәлиханов ауданында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң серпін байқалады. Бүгінгі брифингте аудан әкімі өңірдің даму бағыты мен алдағы жоспарлар жайлы баяндады. Инвестиция көлемі артып, негізгі капиталға құйылған қаражат мөлшері өскен.

2025 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,4 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 105,5%-ды көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту қарқынының өскенін аңғартады. Сондай-ақ, ауданда ауыл шаруашылығы саласында оң нәтижелер тіркелді. Жыл басынан бері өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 28 миллиард 660 миллион теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Нақты көлем индексі 116 пайызды көрсетіп отыр. Бұл – саладағы жүйелі жұмыстың және аграрийлер еңбегінің нәтижесі.

СНХ: МҰРАТ АБДУЛОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Аудан аумағында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақбұлақ ауылында ұзындығы 8,3 шақырым, ал Ақтүйесай ауылында 5,4 шақырым ішкі жолдарға асфальт төселді. Сонымен қатар, Қондыбай ауылына баратын 2 шақырымдық кіреберіс жол да асфальтталып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының жүріп-тұруын жеңілдетіп, тіршілігіне қолайлы жағдай жасауда.

СНХ: МҰРАТ АБДУЛОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Соңғы жылдары ауданға қоныс аударғысы келетін азаматтар саны артып келеді. Жыл басынан бері оңтүстік өңірден 25 отбасы, сондай-ақ қандас мәртебесімен 10 отбасы көшіп келді. 10 қоныс аударушыға жалпы сомасы 15 млн теңге болатын мемлекеттік гранттар берілді. Гранттар мал және құс шаруашылығы, қызмет көрсету, нан-тоқаш өнімдері мен өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған.