Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Мағжан» орталығының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті. Ақын поэзиясына арналған кешке Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері қатысты.

Олар ақынның «Жан», «Арман», «Жастарға сенемін», «Сүйемін» сынды өлеңдерін орыс және ағылшын тілдерінде оқып, көпшілікке рухани әсер сыйлады. Қатысушылар Мағжан мұрасының мәңгілік екенін, оның шығармалары ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мағжан мұрасын насихаттауға бағытталған бұл кеш жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани жаңғыруға жол ашты. Кеш соңында студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.

СНХР: АЛЕКСАНДРА ЕЛАГИНА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАНЫҢ ӘЛЕМДІК ӘДЕБИЕТ ЗАЛЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ