Астана мен Ереван арасында барлық деңгейде ашық әрі сенімді саяси диалог қалыптасқан. Халықаралық және өңірлік ұйымдар аясында тығыз, нәтижелі ынтымақтастық жолға қойылған. Мемлекет басшысы екі елдің делегация мүшелерінің қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылым-білім саласындағы ықпалдастықтың дәйекті түрде дамып келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ мемлекетаралық байланыстар конструктивті сипат алғанын әрі оны жақ-жақты кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екенін жеткізді.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
СНХ: НИКОЛ ПАШИНЯН – АРМЕНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ