Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова өңірге жасаған іс-сапары аясында облыстағы іргелі оқу орны Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-да болды. Онда вице-министрге университет арқылы жүзеге асырылған ғылыми жобалар таныстырылды. Сондай-ақ, азаматтардың сауалдары тыңдалып, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға қатысты бірқатар ұсыныстар қарастырылды.

Таныстырылым барысында жобалардың негізгі бағыттары мен қол жеткізілген нәтижелер қысқаша баяндалды. Сонымен бірге ғылыми жұмыстардың университеттің жалпы даму стратегиясымен байланысы туралы ақпарат ұсынылды. Одан кейін вице-министр мен облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов акт залына өтіп, зиялы қауым өкілдері, оқытушылар және студенттермен кездесу өткізді. Вице-министр кездесуде 2023–2029 жылдарға арналған жоғары білім және ғылымды дамыту тұжырымдамасына тоқталды. Сонымен қатар, оқу орындарының жеткен жетістіктерін де атап өтті.


СНХ: ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ


СНХ: ГҮЛЗАТ КӨБЕНОВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ


Бұдан бөлек білім алушылар вице-министрден жатақханада шағын лаборатория немесе креативті аймақ құру жөніндегі жоспарлар мен қолдау көрсету мүмкіндіктері туралы сұрады.