Петропавлдағы Жұмысшы кентінде теміржол арқылы өтетін жаңа жол өткелінің құрылысы жалғасып жатыр. Универсал көшесі бойындағы болашақ көпір қаланың аудандары мен жеке сектор арасындағы көлік және жаяу жүргінші байланысын реттеуге, сондай-ақ жолдағы көлік ағынын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Нысанның ұзындығы 1,1 шақырымды құрайды, ал құрылыстың жалпы құны бес миллиард теңгеден асады. Бұл жұмыс 2023 жылдың күзінде басталған. Петропавл қаласы әкімдігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сәйкес, бүгінде нысанның дайындығы 75 пайыз деп бағаланады.
СНХР: БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН - ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ